сТУДЕНТТЕРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні колледж акт залында "Отбасылық құндылықтар-тәрбие көзі" атты кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту.
Кездесуге "Мерейлі Отбасы-2016" жылғы ұлттық байқаудың жеңімпаздары Нұсқабаетар отбасы және Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Дана Болатбайқызы қатысты.
2021 жылдың 30 қараша күні «1 Желтоқсан- Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің 1-2 курс студенттері ЖИТС/СПИД орталығының алдын алу бөлімінің маманы Меруерт Канатовнамен арнайы кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты: Студенттерге ЖИТС/СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.
2021 жылғы 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының бас дәрігерінің 20.10.2021 жылғы 46 Қаулысына сәйкес өңірде 12-18 жас аралығында «Pfizer-BioNTech Comirnaty (Комирнати)» вакцинациясы туралы ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінде USAID халықаралық ұйымының жобасы аясыңда адам саудасының алдын алу тақырыбында колледж ұжымы және студенттер арасында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында сауалнама жүргізіліп,треннингтер өткізілді.


Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Жоғары колледжі және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментімен бірлесе ұйымдастырылған 2020 жылдың 6 мамыр күні “ Топ жетекшісі қызметін ұйымдастыру” онлайн семинары өтті.Онлайн семинарға қатысқан қонақтарыз:
1.Такишева Гулбану Ақылбекқызы Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Үздіксіз білім беру институтының директоры
2. Сатыбалдина Қарлығаш Туратаевна-Жастар саясаты әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры
3.Үйсінбаева Гулжан Нұрланқызы -Жоғары колледждің директоры
4. Жетібаева Нұрхал Бөріханқызы – Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
5. Смаилова Аида Есенгелдіқызы – Қызылорда қаласы «Болашақ» жоғары медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
6. Жұбандықова Меруерт Күнболқызы - Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы,техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі
7. Нурмолдина Бағдагүл Жайбергенқызы- Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы,техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері
8. Жиенқулова Гулбарша Шарапиқызы - Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
9. Калмаганбетов Малик Набидуллаевич-Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбсары
10. Омар Нұргүл Жақсыкелдіқызы-Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
11. Тұрлыбаев Мирасбек Нұралханұлы- Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
12. Нурмаганбетова Сандуғаш Мұратқызы-Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандарылған мектеп-итернат колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Кездесуде әріптестер бір-бірімен пікір таласып,жақсы кездесу өтті.
Онлайн кездесуіміздің соңында колледж психологы Э.Т.Жумабаева психологиялық тренинг өткізіп,кездесу модераторы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ж.Ақжігітова семинарға қатысқан барлық қонақтарымызға, әріптестерімізге, баяндамашыларға көптеген ұшқырлы ақпараттар мен әдіс-тәсілдерімен, тәжірибелерімен бөлісіп топ кураторларының жұмыстарына көмек бергендеріне алғысын білдірді.