«Тарих-өткен күндер емес,
тарих –есте қалған күндер»
18.10.1947-24.05.1948 ж.ж. - алғашқы «Тас қалаушы», «Ағаш шебері», «Сылақшы», «Ағаш ұстасы», «Слесарь» мамандықтары бойынша барлығы 161 түлек бітіріп шыққан.
1947 ж. -алғашқы жатақхана ашылған.
1948-1954 ж.ж.- әр мамандық бойынша барлығы 960 түлек бітіріп шығып, өндіріске жолдама алған.
1949-1950 ж.ж. - базалық кәсіпорын “Актюбстрой” еңбек орнымен, жұмыспен 40 % қамтамасыз еткен. Мектепте 5 техникалық үйірме, спорт секциялары, драма үйірмесі жұмыс істеген және кітапхана қорында 1300 кітап болған.
1954-1960 ж.ж.- оқушы саны артып, жаңа «Сылақшы-қасбетші», «Слесарь-арматурашы», «Тас қалаушы-пешші», «Әрлеуші-әйнек салушы», «Ағаш шебері-станокшы», «Слесарь-сантехник», «Ағаш ұстасы-қалып жасаушы», «Құрылыс машиналарының моторисі», «Тақташы», «Қалыпқа құюшы», «Жиһаз ұстасы» мамандықтары бойынша барлығы 1267 түлек бітіріп шыққан.
1973-1976 ж.ж.- Новокрещенных Т.В. (Небогаткина) № 13 топта «Әрлеуші-құрылысшы» мамандығына оқып, «Актюбжилстрой тресі» СУ-4 өндірісіне жолдама алған, кейін осы оқу орнында өндірістік оқыту шеберінен аға шеберге дейін лауазымы көтерілген.
1978-1981ж.ж.-Лимонин Евгений Александрович № 52 топта «Электрмонтаждаушы» мамандығына оқып, «Казхимэлектромонтаж» өндірісіне жолдама алған, кейін №5 кәсіптік техникалық училищеде өндірістік оқыту шеберінен директор лауазымына дейін жоғарылаған.
1987 жылға дейін оқушылардың кәсіподақ комитеті жұмыс жасап, социалистік жарыс жеңімпаздары санаторлық-курорттық емделуге, Батыр қалаларға: Одесса, Мәскеу, Волгоград, Минск, Рига қалаларына туристік сапарларға жіберіліп отырған.
1989 жылы- алғаш қазақ тобы ашылып, топ жетекшісі К.У.Алишева, топтың өндірістік оқыту шебері болып Б.Оразбаев тағайындалған.
1991 жылға дейін түлектер базалық кәсіпорындарға “Кустанайсантехмонтаж”, “ДСК”, “Актюбтрансстрой”, “Казстальконструкция”, “Казмеханомонтаж”, “Казхимэлектромонтаж”, “Актюбжилстрой”, “Актюбстрой”, “Актюбхимстрой” өндірісіне жұмысқа орналастырылған.
1991-2011 ж.ж.- «Газэлектрмендәнекерлеуші», «Кең көлемді құрылыс шебері», «Автомеханик», «ВС санатты жүргізуші», «Бағдарламашы», «ЭЕМ операторы», «Электромонтаждаушы», «Құрылыс жұмыстарын әрлеу шебері», «Тамақтандыруды ұйымдастыру маманы», «Әмбебап-
токарь», «Коммуналдық шаруашылықтың инженерлік жүйе маманы» мамандықтары қосылып, оқу орнынан түлеп ұшқан түлектер облысымыздың құрылыс саласына өз үлесін қосты. Алғашқы түлектер «Актюбжилстрой» кәсіпорынында еңбек етсе, кейінгі жылдары «Сварщик» фирмасы, «Май» АҚ, «Актюбстрой», «Руно» АҚ, «Промлегстрой», «Механомонтаж» АҚ, «Ақбидай» АҚ, «Алибек» АҚ, «Казмеханомонтаж» АҚ, «Ақтөбе-Сәулет» ЖШС, «Спарта» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Облгаз», «Асфальт» ЖШС, «АкПРОМ», «ЖБИ-70», «ЖБИ-50», «Данай» ЖШС, «Соллерс» ЖШС, «Стройдеталь», «Бриг» ЖШС, «Ақтөбе ТЭЦ» секілді кәсіпорындарда еңбек етті.
2006 жылдан- бітіруші түлектердің біліктілігін тәуелсіз бағалау тестілеуі басталып, алғашында 67% , қазіргі таңда 100 % пайыз нәтиже көрсетіп, облыс колледждері арасында «Ең үздік оқу орны» атағын иеленді.
2012 жылдан бастап «Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі» МКҚК болып қайта құрылды. 700-ге жуық білім алушылар мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік негізде тегін оқиды, 89 % мемлекеттік тілде білім алуда.
2012-2015 ж.ж. – оқу орны үшін табысты жылдар болды, үздіктер қатарынан сан мәрте көрінді.
2014-2015 оқу жылы – КБТБ бағалау сынағында 226 түлек сертификатталды, білім сапасының көрсеткіші 100 % құрады, 226 түлек жұмысқа орналасты (100 %).
2015 ж. – колледж ҚР Тәуелсіз Агенттігінің «Рейтинг-2015» білім сапасын бағалау қорытындысы бойынша Республиканың 168 колледжі арасынан 12 орынды, облыстың 42 колледжі арасынан ІІ орынды иеленді.
- 2016 ж – Батыс өңірінде теңдесі жоқ, облыста алғаш рет колледж базасында Ресурстық оқыту орталығы ашылды.
- 2017 ж – кадр даярлау мемлекеттік тапсырыс арқылы жүргізілуде. Бір маманды даярлауға орташа жұмсалатын қаржы 2012 жылы 268,6 мыңды құраса, 2017 жыл 338,1 мың теңгені құрады.
- 2012 жылы орташа еңбекақы сомасы 55,8 мың тенге болса, 2017 жылы 80,6 мың тенгеге өсті
- 2017 ж – «Баршаға арналған тегін бірінші жұмысшы кәсібі» бағдарламасын іске асыру бастау алып, колледж бағасында дуалды оқытуды енгізу, тегін кәсіптік білім алуға жаппай оқыту, жұмыссыз ересектерді қайта оқыту, курстық дайындықтан өткізу ұйымдастырылды.
- 2017 ж –алғаш рет жасақталған колледж мұражайы ресим түрде ашылды.