ЖАС МАМАН

                              Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінде «Жас Маман» жобасы аясында

құзыреттілік орталығы ашылды

 

 

               «Жас Маман» жобасы 2019 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында берілген тапсырмасына сәйкес әзірленген.

               «Жас Маман» жобасының мақсаты - ең көп талап етілетін 100 кәсіп бойынша 180 колледж бен 20 университетті жаңарту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Осы 180 колледждің қатарында біздің колледж яғни Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі де бар. Жобаға қатысу үшін колледж даму тұжырымдамасын жасап, оны 2019 жылы ҚР-сы  Білім және Ғылым Министрлігі алдында қорғады.

                «Жас Маман» жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінде құзыреттілік орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Ж.Батырхан және ТжКББ бөлімінің басшысы В.Шавкилова, "Атамекен" ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы А.Бурумбаев, ТжКББ ғылыми - практикалық орталығының бөлім басшысы М.Жұбандықова, сондай-ақ колледж директорлары мен әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың басшылары қатысты. Салтанатты лента қию рәсімі Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы мен «Хаус Мастер Актобе» ЖШС-нің директоры Книсарин Бақытжан Айтуғанұлына табысталды. Шара барысында қонақтармен шағын жиын өткізіліп, жоба аясында жаңадан жабықталған материалдық-техникалық базасымен таныстырылды. Жиында Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы сөз алып, колледждің материалдық-техникалық базасына оң бере отырып, «Жас Маман» жобасының маңыздылығын және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың көптігін атап өтті.

               «Жас Маман» жобасы аясында алынған заманауи құрал-жабдықтар  Республикалық және халықаралық деңгейлерде сұранысқа ие мамандықтар  бойынша құзыреттілік орталығына айналуға, сонымен қатар WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды дайындауға зор мүмкіндік береді.